Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Сыр өңірінде орташа жалақы 103444 теңгені құрады

Үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Қызылорда облысы бойынша кәсіпорындардағы (ұйымдардағы)* жалдамалы қызметкерлер саны 152,1 мың адамды құрады.
Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сүйенсек, орташа айлық атаулы жалақы 2014 жылдың қыркүйек айында 103444 теңгені құрап, өткен жылдың тиісті айымен салыстырғанда 7,2 пайызға өсті. Ал нақты жалақы индексі 0,3 пайызға төмендеді. Жалдамалы жұмыспен қамтылған қызметкерлер еңбек ақысының 2014 жылдың қыркүйек айында артуы 2013 жылдың сәйкес айымен салыстырғанда экономикалық қызметтің барлық түрлерінде белгіленді. Еңбекақы төлеудің жоғарғы деңгейі өнеркәсіп, көлік және қоймалау, акпарат және байланыс, қаржы және сақтандыру қызмет,  кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет салаларында байқалды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: