Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Жолда қалған 20 адам құтқарылды

Жолда қалған 20 адам құтқарылдыОблыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне КБИ мөлтек ауданы, Проектная көшесі №14 үйдің тұрғынынан 25 қазаны күні Жезқазған қаласына кеткен туыстарынан хабарсыз қалғаны жөнінде арыз түсіреді.
Қызылорда облысы ТЖД жедел кезекшісі А.Алиеваның хабарлауынша, Қызылорда-Жезқазған автожолының 119 шақырымында 20 адам мінген автокөлік бұзылып қалғаны анықталған.
Оқиға орнына азаматтарға көмек көрсетуге ҚР ІІМ ТЖК «ОҚАЖҚЖ» ММ құрамында 3 құтқарушы, 1 камаз автокөлігімен 26 қазан кҝні 13-20 минутта шығып 19-00 минутта қалып қойған 20 адамды Қызылорда қаласына жеткізілді. Қазіргі таңда азаматтардың денсаулықтары жақсы, зардап шекпеген.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: