Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Полиция қызметкері пара алған

Полиция қызметкері пара алғанПолиция бөлімінің бұрыңғы бастығы сотталушы Қ. қызметтік міндеттерін атқарып жүріп, сыбайлас жемқорлық сипатындағы ауыр қылмыс жасаған.
Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті лауазымды адам бола тұра, өзінің қызметтiк өкiлеттiгiне кiрмейтін алдын ала тергеу жұмысына араласқан. Қылмыстық істі қысқартып беруге сендіріп, алдап, іс- әрекетті пара берушi адамның пайдасына жасаймын деп сендіріп, алдап, азғырып, қорқыту жолымен пара алған.
Сот сотталушы Қ.-ны мемлекеттік, құқық қорғау органдарында қызмет атқару құқығынан 5 жылға айырып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 177-бабының 3-бөлігінің «г» тармағымен, ҚК-нің 28-бабының 3-бөлігі, 312-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеп,  ҚК-нің 58-бабының 3-бөлігін қолданып, қатаңдығы жеңілірек жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен түпкілікті 5 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге үкім етті.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: