Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Менің елім - мәңгілік ел» автоэкспедициясы Қызылордаға келеді

«Менің елім - мәңгілік ел» автоэкспедициясы Қызылордаға келеді«Менің елім - мәңгілік ел» деп аталатын жастардың республикалық автоэкпедициясы Қызылордаға да ат басын бұрмақ. Қазір олар Алматыға жетті. Айта кетейік, Маңғыстау жастарының игі бастамасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қолдап аталған автошеру 5 қазанда жолға шыққан болатын.

«Менің елім - мәңгілік ел» автоэкспедициясының негізгі мақсаты - ішкі туризмді дамытып, еліміздің өзге өңірлеріне Маңғыстау жерін танытудан бөлек, жастарды отансүйгіштік рухқа жетелеп, аймақтық тарихи-мәдени ынтымақтастықты нығайту, дейді ұйымдастырушылар.

Бүгінге дейін еліміздің 13 ірі қалалаларын аралап келе жатқан экспедиция мүшелері 6,5 мыңнан астам шақырым жол жүріп, еліміздің ірі университеттерінде жастармен кездесулер өткізуде. Отандық автокөлікпен шыққан экспедиция құрамында блогерлер мен тарихшылар, дәрігерлер мен кәсіби жүргізушілер және журналистер мен бейнеоператорлардан құралған топ бар. Себебі, 45 күндік автоэкспедицияның барлығы бейнетаспаға жазылып, жақын күнде фильм болып экранға шығады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ, экспедиция барысында қазақстандық жастардың ой-пікірлері мен арман-тілектері жазылған тілек-кітапшаның да маңызы зор, - дейді түрколог Бекболат Төлегенұлы.

«Менің елім - мәңгілік ел» автоэкспедициясының мүшесі Бекболат Төлегенұлы: "Әр жастың ойы біз үшін өте маңызды, жылы лебіздері соның барлығы арнайы тілек кітапшасына жазылып келе жатыр, осының барлығы ертең экспедициямыз біткеннен кейін арнайы Президент мұражайына тапсырылатын болады. Барлығы елеусіз қалмайды. Кешкілетіп біздер Оңтүстік өңірлерге саяхатымызды жалғастыра береміз. Соның бірі Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларында боламыз. Осы үш өңірден өтіп, Ақтау қаласында 5 қазанда болып, әрі қарай еліміздің елордасы Астана қаласына барып, сол жерде саяхатымызды бітіреміз", - деп атап өтті.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: