Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Тасбөгетте өрттен 2 бүлдіршін көз жұмды

Тасбөгетте өрттен 2 бүлдіршін көз жұмдыКеше Қызылорда маңындағы Тасбөгет кентінде жеке үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан екі бүлдіршін көз жұмды, деп хабарлайды Хабар.

Кеше күндізгі он екілер шамасында Қызылордаға қаралас Тасбөгет кентінде жеке үйлердің бірі отқа оралып, тілсіз жау бір отбасының төрт жасар ұлы мен үш жасар қыз баласын жалмап кетті. Өрттің неден пайда болғанын мамандар әлі дөп басып айта алмай отыр.

Белгілі болғаны, бұл үйде екі жыл бұрын жалғыз ұлдарынан айырылған үлкен кісілер мен келіні және екі немересі тұрып келген. Өрт болар кезде үй ішінде әжесі мен екі немересі болған. Аталары қорада болса, келіндері жұмысқа кеткен екен. Өрттің қалай, неден болғанын ешкім білмейді. Жарты сағат ішінде кішкене үйден түк те қалмаған.

«Екі кішкентай бала ішінде қалып қойды деген хабарлама түсті бізге. Төбенің құлауына байланысты біздің қызметкерлер екі баланы алып шықты. Жедел жәрдем көмегімен ауруханаға барар жолда қайтыс болған сол – екі жасөспірім. Өрттің шығу себептері анықталуда», - дейді «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығының орынбасары Нұрсұлтан Ибрагимов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: