Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Нашақорлықтан еріксіз емделу шарасы қолданылды

Нашақорлықтан еріксіз емделу шарасы қолданылды Жаңақорған аудандық сотында  есірткі затын өсірген сотталушының ісі қаралды.
Жаңақорған аудандық сотының мәліметіне сүйенсек, сотталушы Ж. Жаңақорған ауданынан көлемі 12х15 м болатын алқапқа  арнайы қазылған 5 арық бойынан заңсыз өсіруге тыйым салынған құрамында есірткі заттары бар 409 түп сора өсімдіктер еккен. Сондай-ақ, құрамында есірткі заты бар кептірілмеген салмағы 5450,0 грамм марихуана сақтаған.
 Сот үкімімен сотталушы Ж. Қазақстан Республикасы ҚК-нің 262 бабының 2 бөлігінің «в» тармағымен және 259 бабының 1-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының жалпы режимінде өтеуге сотты болды. Сондай-ақ, сотталушы Ж.-ға нашақорлықтан еріксіз емдеу медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы қолданылды. Үкім заңды күшіне енбеген.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: