Facebook WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Адам қағып қашып кеткен

Адам қағып қашып кеткенҚұқық бұзушы Т. өзінің «Opel Vektra » маркалы автокөлігін Қызылорда қаласының көшелерінің бірінде жол жиегінде тұрған жаяу жүргіншіні қағып, оның денсаулығына «орташа» ауырлықтағы зиян келтірген.
Қызылорда қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, соған қарамастан ол жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалып, ЖҚЕ ережесінің 10,1, 2.5  тармағын бұзған. Осылайша Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 468-1 бабымен және  469 бабының 2 бөлігінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.
Сот отырысында құқық бұзушы Т. өз кінәсін толығымен мойындап, кешірім сұрап, өкінетіндігін білдірді. Қызылорда қалалық мамандандырылган әкімшілік соты құқық бұзушы Т. ҚР ӘҚБтК-нің 468-1 бабымен және 469 бабының 2-бөлігімен кінәлі деп тауып, оны  2 /екі/ тәулік әкімшілік қамауға және 1 (бір) жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға қаулы етті.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: