Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

Көлік апатына ұшырағандар құтқарылды

Көлік апатына ұшырағандар құтқарылдыТөтенше жағдайлар министрлігі «Апаттар медицинасы орталығының»  облысы бойынша филиалының Жосалы-Иіркөл күре жолдық медициналық құтқару пунктінің диспетчеріне шұғыл қоңырау шалынды. Оларға Қармақшы аудандық жедел-жәрдем стансасының диспетчері  22.04-те Шымкент – Самара трассасының 1632 шақырымында  жол-көлік апаты туралы хабарлама түсті. 
Осыдан кейін дереу іске кіріскен күре жолдық медициналық құтқару бекетінің шұғыл әрекет ету бригадасы жол апаты орын алған жерге аттанып кетті. Бригада құрамында субординатор, фельдшер,  құтқарушы. және жүргізуші-құтқарушы бар еді.  Барғаннан кейін белгілі болғанындай, «Хоба» жүк және Мицубиси жеңіл автокөліктері соқтығысқан. Оқиға орнында 5 адам зардап шеккен. Күре жолдық медициналық құтқару бекетінің шұғыл әрекет ету бригадасы түрлі дене жарақаттарын алған 5 адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіп аудандық ауруханаға тасымалдады. Олар аудандық аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: