Facebook VK WhatsApp Instagram

Қоғам

0

«Дипломмен ауылға!» жобасын орындаудағы заңсыздықтар жойылды

«Дипломмен ауылға!» жобасын орындаудағы заңсыздықтар жойылдыШиелі аудандық прокуратурасы аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің 2011-2014 жылдары аралығындағы қызметінде «Дипломмен ауылға!» жобасы бойынша жастарға мемлекеттік қолдау көрсету сапалығы мен оның пәрменділігіне, оған бөлінген қаражаттардың мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізіліп, бөліммен бірқатар заң бұзушылықтарға жол берілгендігі анықталды.
Нақтыласақ, Шиелі ауданы бойынша жобаның әкімшісі болып аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі  (бұдан әрі-Әкімші) болып тағайындалған. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 176 бабының 2 бөліміне сай, бағдарламаның әкімшісі бюджеттік кредиттердің нысаналы және тиімді пайдаланылуын, өтелуі мен оларға қызмет көрсетілуін бақылауды және мониторингін жүзеге асырады.
Бірақ тексеру барысында әкімшінің бұл бағыттағы жұмыстары мардымсыз екені белгілі болды.
Атап айтқанда, әкімшімен жобаға қатысушы азаматпен жасалған келісім шартқа сәйкес маманға төмендегі міндеттемелер жүктелген:
-әлеуметтік қолдау шараларын алғаннан күннен бастап 60 күннің ішінде комиссияның жұмыс органына бюджет қаражатының мақсатты пайдалынғаны туралы растаушы құжаттарды беруге сонымен қатар алынған тұрғын үйдің құжаттарының түпнұсқасын Әкімшіге тапсыруы шарт;
- жұмыс органына тоқсан сайын жұмыс орнынан анықтама тапсыруға;
-осы келісімнің шарттары орындалмаған жағдайда әлеуметтік қолдау шаралары ретінде алынған бюджет қаражатын толық көлемде қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
Сондай-ақ, әлеуметтік көмекті алушы бес жылдан кем емес уақытта ауылдық жерде орналасқан денсаулық мекемесінде, білім, әлеуметтік жұмыспен қамту мекемесінде, спорт және ветеринария мекемелерінде жұмыстарын атқаруға міндеттеледі.
Сонымен қатар, Әкімші мен жобаға қатысушы арасында жасалған келісім-шарт талабына сәйкес, егер маман ауылда өзіне берілген бес жыл ішінде өз қызметін атқармаса, онда ол өз еркімен әкімшіге алған ақшаларын қайтарады, ал қайтармаған жағдайда Әкімші бюджеттік қаражаттарды мәжбүрлі түрде қайтаруға іс-шараларды қолданатындығы көрсетілген.
Тексеру барысында мемлекеттен әлеуметтік жәрдемді алған бірнеше мамандар келісім шарт талабын орындамаған.
Атап айтқанда, әлеуметтік көмек алушы Ж.А.-ға тұрғын үй алуға 890 190 теңге мемлекеттен несие бөлінген. Алайда, ауылдық жерде әлеуметтік салада атқаруы тиіс 5 жылдың тек 1 жыл мерзімінде ғана жұмыс жасаған ол өз өтініші бойынша жұмыстан шығып кетіп, несиесін қайтармаған.
Бөлімге Ж.А.-ның жұмыстан шыққаны туралы хабар түскенімен, бүгінгі күнге дейін әкімшінің тарапынан ақшаны мәжбүрлеп өндіруге шара көрмей, әрекетсіздік танытқаны байқалады.
Мұндай секілді кемшіліктер, «Дипломмен-ауылға!» жобасы шеңберінде М.К. (105 840 теңге), А.М. (113 260 теңге), Б.Қ. (113 260 теңге), М.Ж. (121 170 теңге), А.К. (121 170 теңге), Ж.А. (113260 теңге) және Г.С. (113 260 теңге) тарапынан да орын алған.
Жоғарыдағылардың негізінде, жоғарыда аталған жобаға қатысқан азаматтардан мемлекетке қайтарылуы тиіс 1 691 410 теңгені бюджетке қайтаруға қатысты бірнеше рет әрекетсіздік танытып отырған аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы О.Әбдіқадырованың сыбайластық тұрғыда тәртіптік жауапкершілігін шешу мақсатында аудандық прокуратурамен «Шиелі аудандық ауылшарушалығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсыныс енгізілді. Ұсыныстың қаралу нәтижесімен аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманына Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 12-бабының 1-тармағының 10-тармақшасының талабымен сыбайлас жемқорлық сипатындағы «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: