Сейхун-инфо.кз / ҚЫЗЫЛОРДАДА 3954 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА 3954 ЖҰМЫС ОРНЫ АШЫЛДЫ


Облыстық статистика департаментінің мәліметі бойынша Қызылорда қаласында 2018 жылдың 1 қаңтарына экономикалық белсенді халық саны 123,4 мың адам, жұмыссыздық деңгейі – 4,7 пайыз, облыста көрсеткіш – 4,8 пайызды құрады.
Бүгінгі күнге бөлімге тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны 2012 адамды құрап, тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,6 пайызды құрады. (01.11.2017 жылы – 1,9 пайыз).
2018 жылдың 1 қарашасына қалада 3954 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде: ауыл шаруашылықта – 262, өнеркәсіпте – 373, құрылыста – 626, көлік және байланыста – 61, көтерме және бөлшек саудада – 405, білім беруде – 173, денсаулық сақтауда – 136, басқа салада – 1848 және маусымдықта -70. Жыл басынан 6908 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.
14-12-2018, 15:48
Вернуться назад