Сейхун-инфо.кз / Қазалыда автобус аялдамалары дезинфекцияланды

Қазалыда автобус аялдамалары дезинфекцияланды

Қазалы ауданында еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қауіпсіздік шаралары күнделікті жүргізілуде. Арнайы мамандар коронавирус инфекциясының алдын алуға байланысты құрылған штабтың алгоритміне сәйкес жұмыс істеп жатыр.
Бірінші кезекте адам көп жиналатын жерлер мен қоғамдық көліктер залалсыздандыруда. Бұған дейін біз әлеуметтік нысандар мен автобекеттердің, қоғамдық көліктердің дезинфекцияланғанын жазған болатынбыз.
Залалсыздандыру жұмыстарымен айналысатын мамандар мереке күндеріне қарамастан Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентіндегі аялдамаларға дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.
26-03-2020, 18:55
Вернуться назад