Сейхун-инфо.кз / «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервистік орталығы іске қосылды

«Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервистік орталығы іске қосылды

Кәсіпкерлердің мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде қолдау шараларына қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту және әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында «бір терезе» қағидаты негізінде «Бизнеске арналған Үкімет» бірыңғай сервистік орталығы іске қосылды.
Орталық арқылы жер мәселесі, сәулет және құрылыс, инженерлік желілерге қосылу, мемлекеттік кірістер, қаржыландыру институттарының шарттары, инженерлік коммуникацияларға қосылу, банкке дейінгі және одан кейінгі жобаларды сүйемелдеу қызметтері бойынша көмек алуға болады.
Сонымен қатар, өңір кәсіпкерлерін салықтық, әлеуметтік-медициналық төлемдер мен жарналар төлеу міндеттерінен босату, сондай-ақ банктер алдындағы несие қарыздарын кейінгі мерзімге ауыстыру бойынша шаралар қабылдануда.
Бүгінгі күні, облыстың 51 мыңнан аса кәсіпкерлік субъектілеріне салықтық жеңілдіктер қаралып, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіндегі төлемдерден 9 мыңға жуық кәсіпкерлер босатылды.
Кәсіпкерлердің несиелік міндеттемелерін ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін шегеру жөнінде 8 мыңға жуық өтінім қаржы ұйымдарымен мақұлданды. Бұл шара биылғы жылдың 15 қыркүйегіне дейін қосымша ұзартылды. 
24-07-2020, 23:35
Вернуться назад