Сейхун-инфо.кз / Кәсіпкерлік нысандарға қолдау көрсетіледі

Кәсіпкерлік нысандарға қолдау көрсетіледі

Облысқа қосымша инвестициялар тарту арқылы ағымдағы экономикалық жағдайды жандандыру мақсатында «Қызылорда облысының экономикалық даму жоспарын іске асыру бойынша жол картасы» әзірленді. 
Аталған шара аясында өңір экономикасының неғұрлым зардап шеккен секторларында инвестициялар тарту арқылы жаңа жобаларды іске қосу және жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік нысандардың қызметін ұлғайту бойынша 265 кәсіпкерлік субъектісіне қолдау көрсету көзделген.
Жол картасы шеңберінде биылғы жылдың соңына дейін 95 жобаны іске қосып, 24,1 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылатын болады. 


24-07-2020, 23:38
Вернуться назад