Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Н.Назарбаев «Қазақфильмге» «Сүлеймен сұлтан» сияқты киноэпопея түсіруді тапсырды

Н.Назарбаев «Қазақфильмге» «Сүлеймен сұлтан» сияқты киноэпопея түсіруді тапсырдыҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақфильм» киностудиясына түріктің «Сүлеймен сұлтан» сериалы тәрізді тарихи киноэпопея түсіруді тапсырды. Бұл туралы кеше Алматыда «Еуразия» халықаралық кинофестивалінің ашылуында қала әкімі Ахметжан Есімов айтты.
«Кеше мен Мемлекет басшысымен әңгімелестім. Әлемдік ауқымдағы жаңа дәуірлік ленталар жасау туралы әңгіме болды. Мысалға, Президент қазақстандықтардың «Сүлеймен сұлтан» түрік сериалын қызыға көретінін атап өтті. Ол «Қазақфильм» алдына Жәнібек пен Керей хандардан бастап, қазақ халқының тарихын баяндайтын осындай дәуірлік лента жасау міндетін қойды», - деді әкім.
.inform.kz ақпарат агенттігі "А.Есімовтің айтуынша, қазір осындай картинаны түсіретін талантты режиссерлер, сценаристер, актерлер өте көп және киностудияда барлық мүмкіндіктер бар" деп хабарлайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: