Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қызылордада халықаралық фестиваль басталады

Қызылордада халықаралық  фестиваль басталадыҮстіміздегі жылдың 8-9қазанында Қызылорда облысы әкімдігі Халықаралық «ТҮРКСОЙ» ұйымымен бірлесіп, Түркі тілдес халықтардың «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» атты дәстүрлі  музыкалық өнер фестивалін ұйымдастырып отыр.
 Фестивальдің мақсаты – түркі тілдес халықтардың ұлттық музыкалық өнерін дәріптей отырып, өзара  мәдени қарым-қатынас пен байланысын нығайту, өскелең ұрпақ санасына сіңіру, тілі ұқсас, діні ортақ елдердің салт - дәстүрлерін, қайталанбас өнерінің озық үлгілерімен бірге түркі әлемінің әлі зерттелмеген, өзгеге ұқсай бермейтін бай мұраларымен жұртшылықты таныстыру және кеңінен насихаттау.   «Тұран және түркі әлемі» атты Сыр елі қолөнер шеберлерінің этно-археологиялық көрмесінен бастау алатын фестиваль  аясында фольклортанушы-ғалымдардың, өнер зерттеушілері мен фестиваль қонақтарының қатысуымен  «Қорқыт Ата мұралары – түркі халықтарының рухани қазынасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция, сонымен бірге, түркі тілдес елдер мен қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен мерекелік концерт өткізіледі. 
Айтулы өнер мерекесіне Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Молдова елдерінен, Ресей Федерациясының Татарстан, Алтай, Якутия, Хакасия, Башқұртстан республикаларынан 29 әйгілі ғалымдар, фольклортанушылар, өнер зерттеушілері және 36 өнерпаздар мен өнер ұжымдары қатысады. Астанадан «Сарыарқа» ұлт-аспаптар ансамблі, Қарағандыдан «Арқа сазы», Алматыдан «Қобыз сарыны», «Сазген сазы», Қызылордадан «Дидар» халықтық фольклорлық-этнографиялық ансамбльдері қатысып, өнер көрсетеді. «ТҮРКСОЙ» Халықаралық ұйымымен бірлесе отырып өткізілгелі отырған өнер фестивалі - Тәуелсіз Қазақстанның тарихи қалыптасу кезеңіндегі мәдениет пен өнердің, ұлттық өнердің даму деңгейін, түркі тілдес елдердің ұлттық фольклорын зерделеуге, сонымен бірге Мәңгілік Елдің мәңгілік мұрасын алыс-жақын шетелдердегі қандастарымызға паш  етуге бағытталмақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: