Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Қармақшыдағы №269 мектеп Жанқожа батыр есімімен аталады

Қармақшыдағы №269 мектеп Жанқожа батыр есімімен аталадыБүгін, 15 қазанда Қармақшы ауданы, Төретам  кентіндегі №269 мектепке Жанқожа батырдың есімі берілді. Бұл шара Жанқожа батырдың 240 жылдық мерейтойына орайластырылды.
Осылайша Төретам кентіндегі мектепке батырдын аты берілді. Шараға Парламент депутаттары катысты. Театрландырылған қойылымдар қойылып, ұлттык спорт түрлерінен жарыстар өтті.
Ертең, 16 қазанда мерейтой шарасы жалғасады. Онда шараға қатысушылар Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр ескерткіш-кесенесінде болып, тағзым етуеді деп күтілуде. Дәл осы күні Қазалы ауданы, Жанқожа батыр ауылында «Тағзым» алаңының ашылу салтанаты өтеді. Аталмыш ауылдағы «Жанқожа баба» саябағында «Елі үшін туған ер Жәкем» атты театрландырылған қойылым болса, «Жанқожа батыр жас ақындар жүрегінде» атты облыстың жас ақындарының айтысы және концерттік бағдарлама жұртшылық назарына ұсынылады. Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылы және Әйтеке би кентіндегі орталық алаң мен орталық көшелерде баба рухына арналған ас беріледі. Сонымен қатар, Қазалы ауданы, аталған ауылдың мәдениет үйінде Жанқожа батырдың өмірі мен ерлігіне арналған жыраулар фестивалі болады. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі орталық алаңда «Түйе палуан» атағы үшін қазақша күрестен, қол күресі мен гір көтеруден облыстық дәрежедегі сайыс өткізіледі. 
Дәл осы күні Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі №249 мектеп-лицей «Халқына қорған болған батыр баба» атты республикалық ақындар айтысы болады.
 Бұл күнгі шараның соңы Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі орталық алаңдағы Эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік гала-концертпен қорытындыланады. 17 қазанда Қазалы ауданы,Әйтеке би кенті аумағындағы «Әбдіраман» төбе баурайында «Ауыздықпен алысқан хас батырдың тұлпары» атты ат бәйгесі болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: