Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Алты сағаттық айтыста залға сыймағандар көп

Бүгін, 16 қазанда Қазалы ауданында Жанқожа батырдың 240 жылдық  мерейтойына арналған ақындар айтысы мәресіне жетті. Еліміздің бірқатар өңірлерінен келген айтыскерлер қаншама сағат бойы сұлу сөзден жергілікті жұртқа тамаша тарту жасай білді.
Алты сағаттық айтыста залға сыймағандар көп
Айтыста Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан қаласының намысын қорғаған белгілі айтыскер Бекарыс Шойбеков шашасына шаң жұқтырмай, өзінің мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Осылайша бас бәйгеге ие болып, оған тігілген 2 млн. теңгені қалтаға басты. Ал бірінші орын алып, 1 млн. теңгені қанжығаға байлаған шиелілік жас ақын Мейірхан Сұлтанхан өзінің instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында айтыстан алған әсері жөнінде ,Алла қолдап бұл айтысты да бітірдік. Қазалынын ерекше қонақжайлығына тамсанып кайтып барамыз.Алты сағат тапжылмай айтыс тындаған көрермендердің ыстық ықыласы естен кетпес әсер сыйлады.Той тойға ұласа берсiн" дейді.
Айтыста екінші орын Әсем Ережеқызына бұйырса .үшіншi орын Иранғайып Күзембаев, Жансая Мусина, Еркебұлан Кайназаровтың еншісіне жазылды. Сондай-ақ, облыс әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі 
Бекзат Жүсіп өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтыс туралы "Жанқожа батырдын 240 жылдығына арналған ақындар айтысында залға адам сыймай сырттан телебайланыс аркылы корген көрермен саны аз болған жоқ" деп жазды. 

Алты сағаттық айтыста залға сыймағандар көп

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: