Facebook VK WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

Литвалық режиссер "Қорқыттың көрі " атты спектаклін қоймақ

Литвалық режиссер "Қорқыттың көрі " атты спектаклін қоймақМ.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры кезекті қойылымға дайындық үстінде, деп хабарлайды BAQ.KZ. Дара тұлға Мағжан Жұмабаевтың ізін суытпай "Қорқыттың көрі " атты спектакль көрермен назарына ұсынылмақ.
 Әкем театрдың әртістері "Қорқыттың көрі" атты спктакльді қою үшін дайындығын бастап кеткен. Басты роль Азамат Сатыбалдыға бұйырыпты. Себебі, біз естіген Қорқыт ата ақ сақалды шал емес, 40 жасында өмірден өткен адам болған. Азаматтың айтуынша аталған премьераны қоюға берілген бір ай дайындық аз болмақ. Себебі, ел күтетін Қорқыттың бейнесін беру оңай шаруа емес көрінеді.
«Үш күннің ішінде образды түсіну мүмкін емес. Өйткені, Қорқыт деген ұлы тұлға, оның үстіне халықта ой қалыптасқан Қорқыт десе қобызды, ақ сақалды шалды көреді. Ал, Қорқыт 40 жасында өмірден өтіп кеткен. Мен сол Қорқыттың шал болмағанын көрерменге түсіндіргім келеді», - деді әртіс Азамат Сатыбалды.
"Қорқыттың көрі" атты спектакльдің режиссері әлемдік театр саласында өз орыны бар Литвалық Ионас Вайткус. Шетелдік режиссердің айтуынша, мұндай шешімге келмес бұрын Қорқыт туралы аңыз бен пьесаны алдын ала оқып шыққан. Әкем театрда алғаш рет сахналанатын қойылымға жалпы саны 30 әртіс қатысады.
«Мен жалпы спектакльдерді көп қоймаймын. Көбінде өзім қызыққан пьесаларды сахналаймын. Қорқыт - ақын, емші және абыз болған адам. Сондықтан, менің қызығушылығымды тудырды. Менің ендігі жұмысым осы спектакльді көрермендердің көңілінен шығатындай етіп сахналау», - деді Литва мелекетіндегі орыс драма театрының жетекшісі Ионас ВАЙТКУС.
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының жаңа маусымға дайындаған жаңалығы бұнымен шектелмейді. Елімізге еңбек сіңірген қайраткер Әубәкір Рахымов тағы бір спектакль дайындауда. Ол, испандық екі драматургтың бірлесе жазған "испандық ақсүйек" деген қаһармандық комедиясы.
Биылғы жылы әкем театр жас драматургтерге конкурс жариялаған. Оның нәтижесі 16 желтоқсан күні белгілі болмақ. Сайыстан үздік шыққан пьеса театрда сахналанып, репертуарларына қосылады. Сонымен қатар, жаңа жылдан кейін де бір қатар пьеса театрда алғаш рет сахналанбақ.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: