Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

Елбасы «Мерейлі отбасы» жеңімпазына шағын автобус табыс етті

Елбасы «Мерейлі отбасы» жеңімпазына  шағын автобус табыс еттіЕлбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпазы Бимаханбетовтер отбасына шағын әмбебап автобустың кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Байқау жеңімпазына Қазақстанда шығарылған әмбебап шағын автобустың кілтін табыс етемін. Қазіргі уақытта біз автомобиль шығаратын елге айналып отырмыз. Бұл - отандық өндірістен шыққан отбасылық көлік», - деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  көліктің кілтін отбасы отағасы Елтай Бимаханбетовке табыстады.
Бимаханбетовтер отбасы 8 ұл-қыз тәрбиелеп, олардан 33 немере мен 10-нан астам шөбере сүйіп отыр. Отағасы Елтай Бимағанбетұлы - мәдениет саласының ардагері. Түркістан қаласының құрметті азаматы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: