Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

Азаматтық Альянс қауымдастығының төрайымы ауысты

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Қызылорда облысы Азаттық Альянс» қауымдастығының төрайымы Дариха Ақмамбетованы қабылдады. Облыстың азаматтық қоғамының дамуына өзіндік үлесі бар Дариха Ақмағамбетқызы туған жерден Елордаға қоныс аударуына байланысты қауымдастықты М.Мәметова атындағы педогогикалық колледж директоры Әлима Әбдіхалыкова басқаратын болды. Қауымдастықты тоғыз жыл басқарған Д.Ақмағамбетоваға аймақ басшысы өңірдің қоғамдық мәселесін шешуге қосқан үлесіне алғысын білдіріп, облыстың «Құрмет» громатысымен марапаттады.
Дариха Ақмағамбетқызы өз еңбек жолын Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында орта мектептің мұғалімі болып бастады. Мұнан соң биліктің бірнеше сатысынан өтті. 2006 жылдан бері қоғамдық жұмысқа ауысып, «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының төрайымы қызметін бүгінгі күнге дейін абыроймен атқарды. 20 жылдан астам аудандық, қалалық, облыстық әйелдер кеңесіне басшылық жасады. 
– Сіз қазақтың патриот қыздарының үлгісін танытқан, қайраткер қазақ қызының бейнесін көрсеткен, соңына ерген сіңлілеріне өнегесін дарытқан біздің мақтанышымызсыз. Әлі де Сыр елі үшін сіздің береріңіз мол деп білеміз. Филолог ретінде жүріп өткен өмір, еңбек жолыңыз, туған топырағыңыз туралы толғанып, қалам тербейді деп ойлаймыз. Сізден сырлы да мәнді, өзіндік ерекшелігі мол рухани дүние күтеміз. Қадірлі Дариха апай, соңыңыздан тілекші боп, саулығыңызды тілеп, жолыңызға қарайлап отыратын Сыр халқы бар екенін ұмытпағайсыз. Сіздің ғибратты ғұмыр, өнегелі қызмет жолыңыз жас ұрпаққа қашан да үлгі. Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Азаматтық Альянс қауымдастығының төрайымы ауысты
Азаматтық Альянс қауымдастығының төрайымы ауысты
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: