Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қызылордада венгриялық жүгері өсірілетін болды

Қызылордада венгриялық жүгері өсірілетін болдыНазарбаев Зияткерлік мектебі жүгері өсіруші Венгриялық компаниямен тығыз байланыс орнатып, кәсіби бағдар беру курсы аясында оқушылармен кездесу ұйымдастырды. Бұл жайында Қызылорда қаласы химия-биология бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз-хатшысы Елена Рыбина хабарлады. 
Бәсекеге қабілетті жас ұрпақ тәрбиелеу үшін мамандық таңдау ісіне ерекше көңіл бөлу қажет,  өйткені бүгін таңдалған мамандық оқушылардың болашағын айқындай түсетіні анық.  Осыған байланысты мектептердегі кәсіптік бағдар курстарының ұйымдастырылуы жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау үдерісінде аса маңызды рөл атқаратыны сөзсіз.  Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде де  биылғы жылдан бастап ашылған «Кәсіби бағдар» курсы 11, 12 сынып оқушыларының кәсіби жағынан өзіндік айқындалуына жол ашатын болады. Курс мамандық таңдау үрдісіне ықпал ететін кәсіби бейімділік, еңбек жолына еліктіру, қабілеттілік, қызығушылық, жарамдылық және т.б. факторларды айқындауға бағытталған, бір-бірімен байланысты әлеуметтік-экономикалық, медико-биологиялық, педагогикалық және т.б. кешенді іс-шаралар жоспарынан тұрады. Аталған бағдарлама тек теориялық ғана емес, кәсіптік бағдарға ынталандыратын тәжірибелік ақпарларға да қанық.
Курстың бастамасы ретінде оқушылар Венгрия Республикасының «Флора» Консорциумы өкілдерімен кездесіп, ауылшаруашылық саласындағы өзекті мәселер жайында тиісті ақапараттар алды. Әсіресе Қазақстан жерлерінде, оның ішінде Қызылорда өңірінде коммерциялық дақылдарды өсірудің тиімді әдістері туралы жан-жақты мағлұматтар жинақтады. ««Қызылорда ең бірінші аграрлық аймақ болып саналады. Сыртқы инвестицияларсыз ауылшаруашылық саласының дамуына 8 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Соның нәтижесі болар, ауылшаруашылық дақылдардың өндірісі 4,5 пайызға артты. Венгриялық Республикамен байланыстың дамуы елдің, оның ішінде, біздің өңірдің дамуына ықпал ететіні сөзсіз», - деді өз сөзінде мектеп директоры Гүлмира Мүнкеева.
Естеріңізге сала кетейік, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жұмысындағы негізгі бағыттардың бірі – ол оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттырып, Қазақстан аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлес қоса алатын жастарды тәрбиелеп шығару. Осы ретте Қызылорда қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқу үрдісінде агро-өндіріс секторы мен мұнай-газ саласындағы ахуалды бақылап, өңірдің даму деңгейін арттырар жолдарды қарастыруда. Шетелдіктер мектеп ауласында арнайы өсірілген жеміс-жидектер алаңына барып, өздерінің тәжірибелерімен бөлісті. «Өте жақсы идея. Оқушылардың тәжірибе жүргізуіне мұнда барлық жағдай жасалған. Біз венгриялық жүгерінің тұқымдарын егіп, болашақта жердің құнарлығын арттыратын тынайтқыштармен бөлісуге дайынбыз», - деді делегацияның мүшесі Ласла Хорвата.
Жалпы биылғы оқу жылында Назарбаев мектебінен алғаш рет 101 қызылордалық өрендер түлеп ұшқалы отыр. Кездесу барысында бітіруші түлектер өз жобаларына қатысты сауалдарын жолдап, сұранысы жоғары мамандықтар жайында тұщымды жауаптарын алды. Айта кетейік,  «Кәсіби бағдар» курсының жұмысы мұнымен тоқталмайды, алдағы уақытта оқушылар күріш өсіруден озық шыққан   «Абзал и К» компаниясы және  мал шаруашылық саласында іргелі істермен танылған  «РЗА» мекемесі секілді мамандармен кездесіп, тәжірибе жинақтайтын болады, өйткені дұрыс таңдалған мамандық – жарқын болашақтың кепілі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: