Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қызылорда қаласында кадрлық өзгерістер болды

Қызылорда қаласында кадрлық өзгерістер болдыҚала әкімдігінің тұрақты кеңесінде қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кадрлық өзгерістермен таныстырды.
Қала әкімінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі №783 өкімімен Таубай Дулат Раушанбекұлы қала әкімінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Дулат Раушанбекұлы 1962 жылы 14 маусымда Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында дүниеге келген, 1979-1983 жылдары Қызылорда педагогикалық институтын математика пәнінің мұғалімі, 1999-2001 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік Заң университетін Заңгер мамандығы, 2002-2004 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген. 
Еңбек жолын 1983 жылы Қармақшы ауданы №186 орта мектепте математика пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған. 1989-1995 жылдары қаладағы №43, 1, 70, 253 орта мектептерде мұғалім, орынбасар, директор6 1997-1999 жылдары №7 кәсіби-техникалық училище директорының орынбасары; 1999-2006 жылдары Сырдария лагерінің, №189 орта мектептің директоры; 2006-2013 жылдары аралығында Белкөл кентінің әкімі қызметтерін абыроймен атқарған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: