Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

Жұмыссыз жастар мемлекеттік бағдарлама игілігін көруде

Жұмыссыз жастар мемлекеттік бағдарлама игілігін көрудеҚызылорда қаласында жұмыссыз ретінде тіркелген жастардың 84,8 пайызы мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруде. Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес қазіргі таңда қала тұрғындарының төрттен бірін жастар құрайды. Яғни,  14 пен 29 жас аралығындағы 69221 жас бар есептеліп отыр. 
2014 жылы қалада NEET санатына жататын жастармен жұмыс жасау жөніндегі қалалық салааралық іс-қимыл жоспары бекітіліп, жоспарға сай жұмыс бағыттары айқындалды.
Ең алдымен жастар арасында жұмысқа қамтуға, өз кәсібін ашуға және тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау мақсатында қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде және қаланың 14 аумағында тиісті сала мамандарымен бірге кездесулер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталмыш кездесулер жастардың мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктерін кеңінен қолдануына ықпал етуде. 
Мәселен, жыл басынан бері қалада жұмыссыз ретінде тіркелген 4642 жастың 84,8 пайызы мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көруде. Атап айтқанда, 1474 жас тұрақты жұмысқа орналасып, 577-сі ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды, 218 жас қайта даярлау курстарынан өтті. 1394 жас «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуда.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: