Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

Қызылордада мүгедектер 800 адамға кеміді

Қызылордада мүгедектер 800 адамға кеміді Облыс әкімі Қ.Көшербаев мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесіп, еркін форматта сұхбаттасты. Облыста 26 мыңнан астам мүгедек жан бар. Мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында қабылданған «Жол картасы» бойынша екі жылда 6,5 миллиард теңге қаржы бөлінді. Жалпы, жыл басынан мүгедектер саны 800 адамға кеміді. 
Он екі мүшесі түгел емес жандар өздерін өзгеден кем сезінбеуі үшін әлеуметтік мәселесі дұрыс болуы қажет. Бұл бағытта аймақта ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселелен, қазір облыстың барлық ауданында «әлеуметтік такси» қызмет етеді. Сондай-ақ, облыс орталығына жаңадан әкелінген 20 қоғамдық автобуста мүгедектердің мініп-түсуіне жағдай жасалған. Алдағы уақытта осындай 100 автобус алынады. Өткен жылы мүгедектерге арналған 7 аула клубы ашылса, биыл ғимараттардың пантусын талапқа сай орналастыру жұмыстары басталды. 
Облыс әкімінің кеңесшісі Нұрмұрат Ерманов осыдан 34 жыл бұрын көлік апаты салдарынан бір қолынан айырылған. Бірақ өмірге деген құлшынысының арқасында, кәсібін дөңгелетіп, бүгінде кеңесшілік қызмет атқарып отыр. 
– Жол апатынан кейін маған тек қарауыл болып қызмет жасай аласыз деді. Өмірден түңіліп кеттім. Бірақ қолым жоқ болғанымен, басым бар деп өзімді жұбаттым. Еңбекке араластым, кәсіп бастадым. Қазіргі жеткен жетістігімді мақтан тұтам. Елбасы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз қоғам құруды тарсырды. Біздің өңірде оңалту оратылығы ашылып, мүгедек жандарды жұмысқа орналастыру мәселесі шешімін табуда, - деді облыс әкімінің кеңесшісі Н.Ерманов.
Жыл басынан бері 700-ге жуық мүгедек жұмысқа орналасты. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы шеңберінде 45 мүгедек 90 миллион теңгеден астам қаржы алып, өз кәсіптерін бастады. Қарттар үйін паналап отырған Ғалым Жұбанов «Даму» кәсіпкерлерді дамыту қоры арқылы қайтарымсыз несие алып, тазалау цехын ашқан. Яғни, аурухана, балабақшалардың төсек жабыныштарын жуады. Дәл осындай қайтарымсыз несиені 7 мүгедек жан алды. 
Бас қосуда аймақ басшысы сала мамандарына мүгедектердің жұмыссыздық мәселесін шешуді және ғимараттардың пантустарын талапқа сәйкестендіруді тапсырды. Сондай-ақ, өңірдегі компаниялардың әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары жергілікті жердің азаматы болуы қажеттігін айтты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: