Facebook VK WhatsApp Instagram

Саясат

0

Сенбілікте 2 мың түп ағаш егілді

Сенбілікте 2 мың түп ағаш егілдіБүгін, 26 сәуірде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған 5 мыңнан астам қызылордалық тұрғын сенбілікке шықты. Қала көшелерін қоқыстан тазартып, ҚР Тұңғыш Президенті саябағына ағаш отырғызды.
Өткізілген жалпыхалықтық сенбілікке қатысушылар қала көшелеріндегі ағаштарды әктеп, арық жүйелері, жаяу жүргіншілер жолдары мен мекемелер аумағын тазартты.  Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде көлемі  66,5 текше метр қоқыс шығарылды.  Облыс әкімі Қ.Көшербаев ағаш отырғызып, өзгелерге үлгі көрсетті. Осы күні саябақ аумағына 2000 түп ағаш егілді. Қалада санитарлық тазалық, көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу мақсатында  жарияланған екі айлық 17 мамырға дейін жалғасатын болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: