Сейхун-инфо.кз / Облыс әкімдігінде жедел штаб отырысы өтті

Облыс әкімдігінде жедел штаб отырысы өтті

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен жедел штаб отырысы өтті. Жиында аймақ басшысы қала, аудан әкімдерімен тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Қазақстан Республикасы Бас санитариялық дәрігерінің республика көлемінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету туралы №27 және Қызылорда облысының Бас санитариялық дәрігерінің №3 Қаулыларынан туындайтын талаптарды қатаң сақтасын.
Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы Қызылорда қаласы аумағында залалсыздандыру жұмыстары мен коронавирусқа қарсы санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұйымдастыру мақсатында әскери бөлімдеріне және құқық қорғау органдарына қажетті бетперде, медициналық құрал-жабдық, антисептиктерге қажетті қаржы көлемін нақтылап, есебін облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынсын.
Облыстық білім басқармасы, қала, аудан әкімдерімен бірлесіп қашықтықтан оқыту бойынша білім беру ұйымдары мен оқушылардың дайындығын қамтамасыз етсін.
Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Қызылорда қаласы және аудандар әкімдерімен бірлесіп, қалааралық, аудан, ауыларалық жолаушы тасымалдайтын автобус, такси қызметіне шектеу қойылсын.
Облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы аймақтағы ірі компаниялары барлық жұмысшыларын өз қаражаты есебінен коронавирус анықтайтын тесттен өткізуіне ықпал жасасын.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Қызылорда қаласы және аудандар әкімдерімен бірлесіп, өңірлердегі бос жұмыс орындарына күнделікті мониторинг жүргізіп, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту бойынша нақты шаралар қабылдасын және нәтижесімен нақты цифраларды екі күн мерзім ішінде облыс әкіміне баяндасын.
Төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылған адамдарды ай сайынғы төлемдер мен көп балалы отбасыларды, мүгедектерді және халықтың әлеуметтік осал топтарын тегін азық-түлік-тұрмыстық жинақтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды сапалы әрі уақытылы атқарылсын.
Азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты. Бұл ретте, азық-түлік қорын молайту, оны жергілікті жерлерге жеткізу мәселесін реттей отырып, әлеуметтік маңызы бар тауар бағаларының шарықтауына жол бермеуіміз керек. Сондықтан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы 2020 жылғы 1 сәуірге дейін облыстық тұрақтандыру қорын азық-түліктің қажетті қорымен қамтамасыз етсін. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қорына мониторинг жүргізсін және нәтижесімен күнделікті облыс әкіміне баяндасын.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының өспеуін бақылауға алсын және баға тұрақсыздығына жол бермесін. Аудан орталығынан шалғай елдімекендердің тұрғындарына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өндірген өнімдерін жеткізуді қамтамасыз етсін.
Көктемгі дала жұмыстарына да көңіл бөлуіміз қажет. Сондықтан, Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы егіске қажетті жанар-жағармаймен қамтамасыз етсін және «Қазсушар» мекемесімен бірлесіп орын алып отырған су тапшылығына байланысты 2020 жылға жоспарланған күріш егу көлемін оңтайландырсын. Осы сын сағатта кәсіпкерлер халыққа қарайласып, жеке басы мүддесі үшін алаяқтыққа, алыпсатарлыққа жол бермеуі тиіс. Бұған да ерекше назар аударыңыздар.
Бірінші кезекте, жұмыссыздықтың алдын алып, азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың, медициналық заттардың тапшылығына жол бермей, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтауымыз керек.
30-03-2020, 18:24
Вернуться назад