Сейхун-инфо.кз / Тоқаев карантинде қандай кітаптар оқып жатқанын айтты

Тоқаев карантинде қандай кітаптар оқып жатқанын айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілерде оқыған кітаптарымен бөлісетін танымал челленджді қолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тоқаев өзінің инстаграмдағы парақшасында кітаптар "карантин уақытын пайдаланудың ең тиімді әдісі" деп жариялады.
"Осы күндері ақындар, жазушылар, журналистер, мәдениет қайраткерлері және қарапайым азаматтар арасында әлеуметтік желіде "Сіз қандай кітап оқисыз?" атты челлендж басталды. Мен бұл бастаманы толығымен қолдаймын", - деп жазды президент.
"Оқу - адамның рухани жетілуінің белгісі. Бүгінгі күн - бұл әр секунд сайын жаңаратын ақпарат ғасыры. Біз жалған ақпараттың қалай таралатынын көреміз. Сондықтан түсінбеушілік пен алдаудың алдын алу үшін уақытымызды тек пайдалы нәрселерге жұмсауымыз керек. Мен атақты ақын Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің эстафетасын қабылдаймын", - деді Тоқаев.
Содан кейін ол қазір оқып жатқан кітаптар тізімімен бөлісті:
1. Жүсіп Баласағұн. "Құтты билік".
2. Абай Құнанбаев. "Книга мудрости"
3. Winston Churchill. The Second World War. Volume III. The Grand Alliance.
4. Тұрсын Жұртбай. "Құнанбай".
5. Ерлан Сыдыков. "Кунанбай".
6. Адам Туз. "Крах. Как десятилетие финансовых кризисов изменило мир".
7. Алек Росс. "Индустрии будущего".
8. Кевин Келли. "Неизбежно. 12 технологических трендов, которые определяют наше будущее".
9. Parag Khanna. The Future is Asian.
10. Газеттер мен журналдар, соның ішінде "Қазақ әдебиеті", "Ана тілі", "Түркістан", "Жұлдыз" т.б.
18-04-2020, 16:14
Вернуться назад