Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Instagram қолданушыларының саны 400 млн-ға жетті

Instagram қолданушыларының саны 400 млн-ға жеттіInstagram желісін қолданушыларының қатары 400 млн адамға жетті. Бұл туралы компания өз блогында мәлімдеді. 
Өз хабарламасында әлеуметтік желі жаңа қолданушыларды жылы лебізбен қарсы алған. Қолданушылардың 75%-ының АҚШ-тан тысқары елдердің азаматтары, ал соңғы тіркелгендердің 100 млн-ы Еуропа мен Азия елдерінен екендігін айтып өтті. Ал соңғы тіркелгендердің қатарында Дэвид Бекхем, Кейтлин Дженнер және Тони Кроос сияқты белгілі тұлғалар да бар. Айта кетерлігі, күн сайын Instagram-ға 80 млн фотосурет жүктеледі екен. Естеріңізге сала кетейік, Instagram қосымшасы 2010 жылдың 6 қазанда іске қосылып, тек Apple смартфондары үшін ғана арналған болатын. Ал 2012 жылдың сәуір айынан бастап сервис Android платформасы үшін де қолжетімді болды. Сол кезде Facebook nstagram-ды 1 млрд долларға сатып  алған еді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: