Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Челси" "жаңа Мессиге" қызығушылық білдірді

"Челси" "жаңа Мессиге" қызығушылық білдірдіАнглияның "Челси" футбол клубы Испанияның "Барселона" командасының академиясында тәлім алып жүрген 11 жастағы Хавьер Симонсті болашақта өз қатарынан көргісі келеді. Бұл жайында британдық "Express" басылым хабарлады. 
Ағылшын клубының өкілдері қазірдің өзінде шеберлігімен елдің көзіне түскен жас өрен және оның ата-анасына өз ұсыныстарын жеткізді. Осының нәтижесінде олар алдағы уақытта оларды Нидерланд елінен Лондонға көшіріп алуды ойластырып отыр.
"Барселона" да талабы таудай өреннен қол үзіп қалғысы келмейді. Олар Хавьерді босатпаудың барлық амалын қарастырып жатыр. Жанкүйерлер оны "жаңа Месси" атап үлгерді. Месси де өзінің алғашқы келісім-шартын каталондықтармен 12 жасында жасаған еді. Каталондық клубтың академиясы Еуропадағы ең белгілі футбол мектептерінің бірі саналады. Бұл академиядан Мессиден басқа бүгінгі таңда әлемге белгілі Хави, Андрес Иньеста, Серхио Бускетс, Жерар Пике секілді футболшылар шыққан. 
Соңғы уақытта "Барселона" өздерінде тәрбие алып жатқан жас таланаттардан қол үзіп қалып жатыр. Олар бала кезінде Англияға кетіп қалады. Солардың бірі – Сеск Фабрегас. Ол 2003 жылы Лондонның "Арсенал" командасымен келісім-шарт жасаған болатын.  Бұл кезде ол небәрі 16 жаста еді. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: