Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

Саясаткер Роналдиньоны маймыл деп атады

Саясаткер Роналдиньоны маймыл деп атадыМексикалық саясаткер, ұлттық қозғалыс партиясының мүшесі (PAN) Калос Мануэль Тревиньо Нуньес расистік көзқарасын білдірді. Оның қаһарына Испанияның "Барселона" және Бразилия құрамасының бұрынғы ойыншысы Рональдиньо ұшырады. Бұл жөнінде мексикалық jornada.unam.mx басылымы мәлім етті. 
"Мен толерантты болғым келеді. Дегенмен, мен футболды жақсы көрмеймін және оның адамдарға тигізетін әсері жөнінде ойлағым келмейді. Маймыл секілді ойыншылар өнерін тамашалау үшін екі сағаттық жолды шығын етіп үйге деген жетуді түсіне бермеймін" деді ол. Мексиканың "Керетаро" командасы оның сөзіне түсініктеме беруін талап етіп отыр. Сондай-ақ ел басшылығынан Нуньестің сөзіне баға беруді сұрады. Роналдиньо үстіміздегі жылдың 5 қыркүйегінде аталмыш клубпен 2 жылға келісім-шартқа отырды. Оған дейін ол 2012 жылдан бастап Бразилияның "Атлетико Минейро" командасында ойын көрсетті. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: