Ақтөбе" - "Қайсар" кездесуі тікелей эфирде (видео)
Бүгін «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы Қазақстан Премьер-лигасының 26-туры аясындағы «Ақтөбе» - «Қайсар» кездесуін тікелей эфирден көрсетеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда» өтетін ойын Астана уақытымен сағат 18:00-де көрсетеді.
Бұған дейін екі команда 33 мәрте кездескен. Онда "Ақтөбе" 17 мәрте жеңсе, "Қайсардың" 6 мәрте қанжығасы майланған. Қалған 10 ойында тең нәтиже тіркелген.
"Қайсар" Ақтөбеже жергілікті команданы соңғы рет 1997 жылы Қазақстан кубогының 1/8 финалдық кездесуінде 1:0 есебімен жеңген екен. Ал ел біріншілігінде 1993 жылы сол қалада "Ақтөбені" 1:0 есебімен қапы қалдырған. Өкінішке орай, содан бері жерлестеріміз Ақтөбеден үш ұпайды олжалай алмай келеді.