Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" - "Ордабасы" ойыны – 16:00-де

"Қайсар" - "Ордабасы" ойыны – 16:00-деҚұрметті, футбол жанкүйерлері, Қазақстан Премьер-лигасының 28-туры аясында қазанның 4-і (сенбі) өтетін "Қайсар" – "Ордабасы" кездесуінің уақыты белгіленді.
Сенбі күні өтетін негізгі құрам арасындағы ойын Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионда сағат 16:00-де басталады. Сондай-ақ, Кәсіпқой футбол лигасының аясында жұма күні (27.10.14) "Локомотив" стадионында өтетін қосалқы құрам арасындағы кездесу де 16:00-ге белгіленген.
"Сондай-ақ, аталмыш ойындарды "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасы да трансляциялайтынын естеріңізге саламыз.
Келіңіздер, сүйікті командамызға қолдау көрсетейік!" деп хабарлайды "Қайсардың" баспасөз қызметі. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: