Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Кубалық балуан «Әлем барысы» атанды

Кубалық балуан «Әлем барысы» атандыКуба балуаны Оскар Рене Видал Брайсон Павлодарда алғаш рет өткізілген қазақ күресінен «Alem Barysy» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BNews.kz.
Екінші орынды отандасымыз Айбек Нұғымаров иеленді. «Әлем барысының» қола жүлдесін ресейлік Максим Ширяев жеңіп алды.
Айта кетейік, жүлде қоры 150 мың долларды құраған алғашқы халықаралық турнирге 35 елдің спортшылары қатысты. Турнирде еліміздің намысын төрт балуан қорғады: олар – «Қазақстан барысы» Б.Ыстыбаев, екінші маусым жеңімпазы А.Нұғымаров, 2014 жылғы «Қазақстан барысы» турнирінің финалисі А.Барменов және үшінші маусымының қола жүлдегері Р.Әбдіразақов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: