Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Ақтөбе" әзірге алынбас асу болып тұр (видео)

"Ақтөбе" әзірге алынбас асу болып тұр (видео)"Қайсар" өз алаңында өткен жылғы ел чемпионы "Ақтөбе" командасын қабылдады. Бұл ойында 2:2 есебі тіркелді.
Соңғы жылдарда "Ақтөбе" командасы өте мықты ұжым ретінде жанкүйерлерге жақсы танымал. Олардың құрамында шеберлігі жоғары тәжірибелі ойыншылар жетерлік. Сондықтан біздің "Қайсар" оларды қаншама жылдан бері тізе бүктіре алмай келеді. Мына дерекке көз жүгіртіп қарап көрсеңіз, көп жайды аңғаруға әбден болады. Бүгінгі кездесуді қоса есептегенде екі команда 35 мәрте жолыққан. Оның небәрі 6 ойынында ғана қызылордалық ұжым жеңіс тойын тойласа, 12-де тең есеп тіркелген. "Ақтөбе" футболшылары біздің командадан 17 мәрте басым түсті. "Қайсар" олармен кездесуде өз қақпасына 52 доп жіберіп алса, оларға небәрі 22 доп соқты. Осының өзі қонақтардың азулы команда екенін дәлелдейді. Айтпақшы, 2001 жылдың 28 шілдесінде өз алаңында өткізген ойынында "Қайсар" "Ақтөбені" 3:1 есебімен тізе бүктірген екен. Содан бері бізге жеңістің ауылы алыс болып тұрған жайы бар. Айта кетерлік нәрсе, биылғы төрт кездесудің небәрі 1-де ғана "Қайсар" "Ақтөбеден" жеңіліске ұшырады. Олардан басым түсуді келер жылдың еншісіне қалдыра тұралық. 
Сонымен, бүгінгі кездесуге қайта тоқталар болсақ, "Ақтөбенің" украиналық шабуылшысы Алексей Антонов екі доп соқса, оған біздің командадан Антон Землянухин мен Валентин Фурдуй жауап берді. Есеп 2:2. 
"Қайсар" ендігі ойынын 1 қрашада сырт алаңда "Астана" командасына қарсы өткізсе, 9 қарашада Қызылордада өз алаңында Қарағандының "Шахтерін" қабылдайды.  
  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: