Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Зинедин Зидан «Реалдағы» бапкерлік қызметінен шеттетілді

Зинедин Зидан «Реалдағы» бапкерлік қызметінен шеттетілдіФутболдан 1998 жылғы әлем чемпионы Зинедин Зидан Мадридтің «Реал» жастар командасындағы бапкерлік жұмысынан шеттетілді. Бұл туралы ҚазАқпарат Lenta.ru-ға сілтеме жасап хабарлады.
Маман үш ай көлемінде жұмыс істей алмайды. Оған Зиданда қажетті деңгей лицензиясының болмауы себеп болған. Сол үшін Испания жаттықтырушыларының ұлттық қауымдастығы шағым түсірген.
Мадридтіктердің өкілдері формальді түрде «Кастальяны» Сантьяго Санчес жаттықтыратынын, ал Зидан оның ассистенті орнында екенін айтқан болатын. Алайда екеуі де өз қызметтерінен үш айға шеттетілді. Он күн ішінде «Реал» бұл шешімге аппеляциялық шағым жасай алады.
Зидан «Реалдың» жастар командасының тізгінін 2014 жылдың маусымында алған еді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: