Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

Мәскеудегі турнирде 4 боксшымыз финалға шықты

Мәскеудегі турнирде 4 боксшымыз финалға шықты Cыр өңірінің былғары қолғап шеберлері Ресей астанасы – Мәскеуде өткен Ұлы Отан соғысындағы жеңісімізге арналған дәстүрлі жарыста ойдағыдай ойын өрнегін көрсетті. Айтулы жарыста жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс алды.
Турнирге Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь елдерінен барлығы 15 команда қатысқан. Қазақстаннан Қызылордалық боксшылар барлығы 6 спортшы  таныстырылды. Оның екеуі ұлттық құраманың сапындағы боксшылар. Олар: 75 кг салмақ дәрежесінде Рустам Сваев пен жоғарғы 91 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен  Қамшыбек Қонқабаев. Сонымен қатар  құрамада Бағдат Уайдаев – 60 кг және 52 салмақ дәрежесінде ойын көрсеткен  Баққожа Инатуллаев бар. Бұдан басқа  49 кг салмақта Дәулет Дәуітов пен 91 кг салмақта Темірлан Өтегендер де бар.
Турнир қорытындысы бойынша Рустам Сыбаев пен Қамшыбек Қонқабаевтар алтыннан алқа тақты. Қызық болғанда біздің екі боксшымыз да ресейлік спортшыларды нокаутпен жеңді. Ал, Бағдат Уайдаев пен  Баққожа Инатуллаев финалдық бәсекеде жеңіліп қалып, күміс медальді қанағат тұтты.
Жеңімпаздарымызды 2 дүркін олимпиада чемпионы, Кеңес боксшысы Борис Лагутин марапаттады. Боксшыларымызды Мәскеудегі  халықаралық турнирге   ҚР еңбегi сiңген жаттықтырушысы Ғалым Байғұндаев  дайындады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: