Сейхун-инфо.кз / Ғасырлардың куәсі болған жәдігер

Ғасырлардың куәсі болған жәдігер


Ағаш табақ – қоңыр түсті, салмағы жеңіл тұрмыстық бұйым. Дөңгелек пішінді ыдыс қарағай ағашынан жона отырып, ойып жасалған. Қадым заманнан қалған бұл жәдігер бүгінде облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы – «Ақмешіт» музейіндегі құнды экспонаттар қатарынан орын алған.
ХІХ ғасырдың 20-50-шы жылдарында күнделікті көші-қон тұрмысында кең қолданыста болған. Екі ғасырдан астам уақытты тарих қойнауына жіберген бұйымның бүгінде аздап түсі кете бастаған. Бабаларымыздан қалған мұраның негізгі диаметрі 22 см 5 мм құрайды. Ағаштан сан түрлі әдіспен ойылып жасалған әдемі дүниелерге кезінде кәделі жіліктерді салып, қадірлі меймандарға ұсынған көрінеді. «Қонақ келсе – құт» дейтін қонақжай халқымыз осылайша сыйлы адамдарына сый-сияпат көрсетіп отырған. Данышпан бабаларымыз ағаштан жасалған ыдыстардың пайдалануға тиімді әрі денсаулық үшін пайдасы зор екендігін де ескерсе керек, тұтынатын заттарының басымын табиғи тәсілдермен жасауға аса мән берген екен.
7-05-2020, 00:27
Вернуться назад