Facebook WhatsApp Instagram

0

«МЕН ҚАЗАҚПЫН» БЕЙНЕРОЛИГІ ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫНА ҰНАМАЙ ҚАЛДЫ (ВИДЕО)

«МЕН ҚАЗАҚПЫН» БЕЙНЕРОЛИГІ ЖЕЛІ ҚОЛДАНУШЫЛАРЫНА ҰНАМАЙ ҚАЛДЫ (ВИДЕО)

 

Әлеуметтік желіде жарияланған қазақ халқының салт-дәстүріне қатысты бейнероликке көпшіліктің көңілі толмауда.
Бейнежазбаны Фима Иванов деген желі қолданушысы жүктеген. Автор бұл юморлық роликтің Қазақстанның бірлігі күніне арнайы түсірілгенін жазған. Десе де «Мен қазақпын» деп аталатын осы бейнероликке көптеген желі қолданушылары наразылық білдіруде.
Роликте қазақтардың тойға кешігіп баратыны, сарқыт алуды ұмытпайтыны, етті қолымен жейтіні, үнемі шәй ішетіні, шаруасы шешілмей тұрса «Бәкеге» хабарласатыны, несие алып той жасайтыны айтылады.
Baq.kz хабарлағандай, бұдан бұрын Роза Рымбаева түскен «Беш» деп аталатын бейнеклип көпшіліктің наразылығына ұшыраған болатын.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: