Facebook WhatsApp Instagram

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА БЕС ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚ ҮЙ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БЕС ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚ ҮЙ АШЫЛДЫ

 

Қызылорда қаласының орталығында «Sultan Plaza» атты қонақ үйдің ашылу салтанаты өтті.
Қонақ үйдің құрылыс жөніндегі жетекшісі Сабыр Сейітханов нысанның презентациясын жасады. 
- Біздің қонақ үйде 80 нөмір бар: 1- президенттік, 1-VIP, 8-люкс санатты және 70-стандартты бөлме. Сонымен қатар қонақ үйде фитнес залы, бассейн, сұлулық салоны, 400 орындық конференц зал және 300 орындық мейрамхана бар. Қонақ үйде 120 адам жұмыспен қамтылады,- деді С.Сейітханов. 
Салтанатты шараға Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты. 
Жалпы алғанда облыстың туристік әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Аймақта туристік нысандарды дамыту бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Мәселен, соңғы бірнеше жылда Қармақшы ауданында этноауыл, Арал ауданында «Қамбаш» туристік аймағы ашылып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне реконструкция жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, Жанкент, Шірік-Рабат, Сығанақ секілді көне қалаларға археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілуде. 

ҚЫЗЫЛОРДАДА БЕС ЖҰЛДЫЗДЫ ҚОНАҚ ҮЙ АШЫЛДЫ

 


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: