Facebook WhatsApp Instagram

Шиелі ауданы

0

Шиелі ауданында «Береке» супермаркеті ашылды

Шиелі ауданы Н.Бекежанов ауылында жаңадан ашылған «Береке» супермаркетінің ашылды.
Жалпы аумағы 500 шаршы метр болатын «Береке» супермаркеті ауыл тұрғындарына қажетті азық-түлік, киім-кешек т.б. қызмет түрлерін ұсынатын болады. Жеке кәсіпкер Қуаныш Ақпанбетовтің өз қаражатына салынған «Береке» супермаркетінің жобалық құны 25 млн теңгені құрап отыр. Айта кетейік, «Береке» супермаркеті 6 адамды тұрақты жұмыспен қамтығалы отыр.  
Бүгінгі таңда, Шиелі ауданында шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы саны – 5 309 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырғанда 113,9 пайызға артып отыр. Оның ішінде жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны – 4 923-ті құраса, жеке кәсіпкер – 2790, шаруа қожалық – 1965, заңды тұлға – 554. Ауданның өнеркәсіп орындары есепті мерзім ішінде 18 млрд 367,0 млн. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 142,8 пайызды құрады. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде 9 млрд 217 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, тиісті кезеңмен 2,1 есеге артты.
Ауданда шағын және орта бизнесте – 8 954 адам жұмыспен қамтылып, өсім өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 106,7 пайызды құрап отыр. Бүгінгі күні барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауданнан құны 999,2 млн.теңгені құрайтын 220 жоба қаржыландырылып, жаңадан 380 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 2020 жылдың 4 ай қорытындысы бойынша барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша ауданнан құны 279,6 млн.теңгені құрайтын 213 жоба қаржыландырылып, жаңадан 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. 
Ауданда инвестиция көлемін арттыру мақсатында 2021 жылы жүзеге асырылуы жоспарланып отырған жобалық құны 6 млрд. 384 млн. теңгені құрайтын 44 инвестициялық  жобаның тізімі жасақталып, оның ішінде жобалық құны 594 млн. теңгені құрайтын 14 жоба іске қосылып, 129 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.

Тағы да оқыңыздар:
    Пікір қалдыру

    Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: