Facebook WhatsApp Instagram

Жалағаш ауданы

0

Облыс әкімі Жалағаш ауданында болды

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Жалағаш ауданына барып, бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысын көрді. Аймақ басшысы ең әуелі Бұқарбай батыр ауылындағы спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысып, ел игілігіне бағытталған әлеуметтік нысан ауыл өмірін жақсартуға мүмкіндік беретінін атап өтіп, тұрғындарды құттықтады.

- Әрбір жеңіс бұқаралық спорттан бастау алады. Соңғы жылдары спортты дамытуға арналған қолдау шаралары қарқынды жүруде. Бүгін болашақ спортшылар даярлайтын тағы бір спорт кешенін ашып отырмыз. Осы ауылдан ел чемпиондары атанатын мықты спортшылар шықсын деп тілеймін,-деді облыс әкімі.
Жалпы құны 112 млн.теңгені құрайтын жаңа кешен типтік үлгіде салынған. "Байтабын" ЖШС өз қаражаты есебінен тұрғызылған
спорт кешендн 120 спортшы шыныға алады.
Мұнан кейін аймақ басшысы Қаракеткен ауылдық округіне ат басын тіреп, ауыл ардагерлерімен кездесті. Ауылдың әлеуметтік-экономикалық жағдайымен танысып, тұрғындардың пікірін тыңдады.
Сапары аясында Гүлшара Әбдіқалықова Далдабай елді мекеніндегі қайта жаңғыртудан өткен ауыз су нысанын іске қосу рәсіміне қатысты. Қазірде сумен қамту жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары Жаңақоныс пен Далдабай ауылдық елді мекенінде жалғасын тапты. Су желілері әр үйге тартылып, ауыл халқы су тасу машақаты азаяды. Мұнан бөлек, биыл Жалағаш кентіндегі Мәдениет, Аққұм елді мекендерінің ауыз су жүйесі жаңарады. Бұл үшін 13,3 млн. теңге қаржы қаралған.
Облыс әкімі жұмыс сапары кезінде жаңадан салынған Ә.Бердаудетов атындағы #34 мектепті көріп, оқу процесінің жүргізілу барысын бақылады. 140 орындық білім ошағында карантин талаптары сақталып, 96 оқушы кезекші топтарда оқуда. Сонымен бірге өңір басшысы 90 орындық жаңа балабақшаның лентасын қиды.
Гүлшара Әбдіқалықова аудан орталығындағы түйіршіктелген азот тыңайтқыштарын өндіретін зауытқа да барды. Жаңа өндіріс орны жылына 60 мың тонна түйіршіктелген азот тыңайтқышын шығарады. "Агрохимсервис-С" ЖШС серіктестігі ашқан зауытта 15 маман еңбек етеді. Сонымен бірге, серіктестік ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге аммоний сульфатын жеткізеді.
Іссапар барысында Гүлшара Әбдіқалықова Ақсу ауылындағы жаңа ауылдық емхананың ашылуына қатысып, тұрғындарды құттықтады. Типтік жобада салынған емхананың жалпы құны 126,7 млн.теңгені құрайды. Ауыл халқының игілігіне бағытталған медициналық нысанда 11 медбике мен дәрігерлер қызмет атқарады. Облыс әкімі медицина мамандарына короновирус індетінен сақтануда ауыл халқын денсаулығына жете мән беріп, сақтық шараларын күшейтуді қаперге салды.
Жұмыс сапарының соңында өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова аудан әкімдігінің жаңа ғимаратын көріп, атқарылған жұмыстарды саралады. Аудан әкімі Асылбек Шәменовке алдағы қысқы маусымға қажет отын қорын уақытылы жеткізуді және жаңа жұмыс орындарын арттырып, шағын өндіріс орындарын ашуға ынталы азаматтарды қолдау қажеттігін тапсырды.



Тағы да оқыңыздар:
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: