Facebook WhatsApp Instagram

Әлем

0

Күніне қанша мандарин жеуге болады? Диетолог түсіндірді

Күндіз төрт мандариннен артық жемеген дұрыс, бірақ ағзаның жеке ерекшеліктерін, талшықты көп көлемде сіңіру қабілетін, қышқылдарға реакциясын, аллергиялық реакцияларын ескеру қажет. Бұл туралы Lenta.ru басылымына диетолог Елена Соломатина айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сурет: elements.envato.com

"Ең алдымен әр адамның ағзасы әртүрлі екенін ескерген дұрыс. Асқазан-ішек жолдары ауыратын, гастрит, панкреатиті бар адамдар, цитрус өнімдерін жеген кезде асқазаны ауыратын адамдарға мандарин жемеген дұрыс", - дейді диетолог.
Сонымен қатар, талшыққа сезімтал адамдарға мандарин жемеген дұрыс. Себебі мандариннің құрамында талшық көп болады.
"Әрине мандаринді күндіз де, кешке де жеуге болады. Бірақ цитрус өнімдерінің иісінің өзі сергіту қасиетіне ие, ал бұл ұйқысыздық проблемасы бар адамдарға кері әсер етуі мүмкін. Ал мұндай проблемасы жоқ адамдар мандаринді кез келген уақытта жей алады", - дейді Соломатина.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: