Facebook WhatsApp Instagram

Денсаулық

0

Қызылордада карантиндік шектеулерге байланысты жаңа қаулы қабылданды

COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында облыс бойынша шектеу, оның ішінде карантиндік шаралар туралы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа №18 Қаулы қабылданды.
Қаулыға сәйкес тыйым салу жалғасады:
1) ойын-сауық, бұқаралық іс-шараларын, конференцияларды, форумдарды, көрмелерді, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
2) букмекерлік кеңселердің қызметіне;
3) түнгі және ойын клубтарының, караоке қызметіне;
4) мәдениет объектілері (дайындық), театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялардың қызметіне;
5) облысаралық, қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдарға;
6) боулинг, бильярд, компьютерлік клубтартардың қызметіне;
7) балалардың ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар) жұмысына;
8) көрермендермен спорттық іс-шараларды өткізуге;
9) банкет залдарының қызметіне;
10) қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысына;
11) мерекелік корпоративтерді ұйымдастыру мен өткізуге тыйым салу жалғасады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: