Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

«УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ-2016» АНЫҚТАЛДЫ

«УНИВЕРСИТЕТ АРУЫ-2016» АНЫҚТАЛДЫҚорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында «Университет аруы-2016» байқауының қорытынды кезеңі өтті.
 Шешуші сайысқа университеттің 13 аруы жолдама алған. Байқау барысында сымбаты мен сәні үйлескен, әдептілік пен ізеттілікті бойына жинаған аруларымыз 4 кезең бойынша сынға түсті. Байқаудың жоғары деңгейде өтуіне қаламыздағы сән салондары мен сән үйлері және бейне-фото студиялар атсалысты. Алғашқы кезеңде арулар ізеттілігі мен ибалылығын танытып, көрерменге өздерін таныстырып өтсе, екінші кезеңде өнерлерін ортаға салды. «Іскерлік стиль» кезеңінде арулар сахналық қойылыммен көрініс көрсетті. Соңғы кезең сұрақ-жауапқа арналып, арулар білімдерін саралады. 
Байқау нәтижесінде, жүлделі ІІ орынды журналистика мамандығының 2-курс студенті Аида Батухан, І орынды мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы мамандығының 3-курс студенті Назерке Қоблан иеленсе, «Университет аруы-2016» тәжін журналистика мамандығының 2-курс студенті Арайлым Әріпжан тағып, облыстық байқауға жолдама алды. Сұлулар сайысына қатысушылардың барлығы «Мейірімді қыз», «Зерделі қыз», «Ақылды қыз», «Көрермен көзайымы», «Дарынды қыз», «Өнерлі қыз» және т.б. түрлі номинациялармен және демеушілердің арнайы сертификаттарымен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: