Қармақшы ауданындағы Тұрмағамбет ауылындағы жыр кеші өтті. Бұл жөнінде аудан әкімдігі баспасөз қызметі мәлім етті.
Аталмыш шара Сыр сүлейлерінің ізбасары, жырау Әнуар Рысбаевтың 100 жылдығына орай өткізілді. «Әуелетіп ән салған Әнуар» атты жыр кешінде жыраулық дәстүрді жалғастырып, өскелең ұрпаққа насихаттап жүрген белгілі жыр жампоздары өнер көрсетті.
Жыраулық дәстүрді жалғастырушы Әнуар Рысбаев атындағы фестиваль Тұрмағамбет ауылында өтті. Арысы Арал, берісі Жаңақорған ауданынан келген Сыр сүлейлерінің сарқыты Айбек Тәңірбергенов, Әділхан Қуаңбаев, Нұртілек Ақтаев, Айгерім Ешбаева, Жауһар Сәрсенбаевалар жиналған жұртшылықты жаһұт жырмен сусындатты.