Facebook WhatsApp Instagram

Мәдениет

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ КҮНДЕРІ ӨТЕДІ

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында үстіміздегі жылы 14-15 қазанда Қызылордада Ақтөбе облысы күндері аясында бірқатар мәдени, әлеуметтік шаралар жоспарлануда. 
Атап айтқанда, 14 қазанда сағат 18:30-да Н. Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Ақтөбе облысы өнер шеберлерінің және шығармашылық ұжымдарының гала-концерті өтеді. Сонымен қатар, 15 қазанда сағат 09:00-ден бастап «Тағзым» алаңында Ақтөбе облысы ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Осы күні сағат 15:00-де Облыстық студенттер сарайында Ақтөбе қаласының Қ. Жұбанов атындағы АРМУ-нің «Тұмар» және С. Бәйішев атындағы АУ-нің «Алаш» жастар театрының қойылымы өтеді. Ал сағат 16:30-да Н. Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Т. Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының спектаклі қойылады.
Келіңіздер, көріңіздер! Өңірлер әріптестігінің бірге куәсі болайық!
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: