«Шіркін Life» тележобасы арқылы танылған тележүргізуші Маржан Сұлтанбай биыл жазда тұрмыс құрған болатын. Бұл жайында тележүргізушінің әріптес достары Instagram әлеуметтік желісінде хабарлап, халықтан сүйінші сұрады. Бұл жайында baistars.kz мәлім етті.
Кейіннен Маржанның шынымен тұрысқа шыққаны белгілі болды. Жары Талдықорғандық кәсіпкер және ұлттық спортты дәріптеуші азамат екен.
Маржан тұрмысқа шыққаннан кейін біржолата әлеуметтік желіден кеткен болатын. Бірақ, бүгін жұбайының рұқсатымен тележүргізуші Twitter әлеуметік желісіне қайта оралды. Бұл жайында Маржан Twitter-де жариялады.
«Осырақ шалымның рұқсатымен твиттерге қайта тіркеліп жатырмын. «Кәрі қыз» деп қоймап едіңдер, БАЙЛЫ ҚЫЗ боп оралдым. Ал, керек болса»,-деп Маржан алғашқы жазбасын жазды.
Бұл твитынен Маржанның күйеуін «шалым» деп еркелететінін аңғардық.
Жас жұбайларға бақытты ғұмыр және әріптесіміз Маржанға әйел, ана бақытын тілейміз!