Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Аудандық сотта «Төрелік» пилоттық жобасы енгізілді

Аудандық сотта «Төрелік» пилоттық жобасы енгізілдіҚР Жоғарғы Сотының бастамасымен «Төрелік» ақпараттық жүйесін  енгізу шеңберінде  Жалағаш аудандық сотында «Төрелік» пилоттық жобасы енгізілді.
Бұл жаңашылдықтың мақсаты - іс жүргізу ақпаратын, шығарылған шешімдермен танысу, қаулылармен,  сот ұйғарымдарымен және басқа да қажетті ақпараттарды сот ісін жүргізуге қатысушыларымен шұғыл алу болып табылады. Жыл сайын соттарда құжатайналым жүйесі жетілдіруде. Осы жүйенің артықшылықтары, яғни осы жүйе басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасуға қолайлы, жүйені пайдаланушыларға тіркеу рәсімі жеңілдетілген, ақпарат алу жүйесі жеделдетілген, барлық тіркеу түрлері он-лайн режімінде көрінеді. Сот мамандарына осы жүйе бойынша арнайы нұсқау  және де сот ісін жүргізуде негізгі бағытталған жұмыстарының бейнежазбасы ұсынылды. Сот ісін жүргізудің замануаи жүйесін енгізу бойынша қойылған тапсырмаларды орындауда, барлық сотқа қатысушыларды тиімді және сапалы қызмет атқарумен қамсыздандыру үшін, облыс соттары инновациялық технологияларды кеңінен қолдану бойынша арнайы жоспарланған шаралар  қабылданды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: