Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

Жаңақорғанда жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Жаңақорғанда жұмыссыздық деңгейі төмендедіДағдарысқа қарсы жоспарлар және аудандағы әлеуметтік тұрақтылық пен экономиканың дамуы жөнінде бүгін Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Қаржыбек Бүркітбаев «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді. 
Дағдарысқа қарсы жоспардың ең басты бағыты ретінде аудан әкімінің орынбасары инвестиция тарту және жаңа жұмыс орнын ашуды атап өтті. Бүгінде жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайызды құрап отыр. Бұл - облыс бойынша ең төменгі көрсеткіш. 
Дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру барысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында аудандағы ең ірі кәсіпкерлермен меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, аудан орталығынан кіші кәсіпкерлікке арналған шағын индустриялық аймақ құру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағытта аймақта барлығы 50-60 шағын өндірістік бағыттағы жұмыс істейтін наубайханалар, кондитер цехтары, темір және ағаш өңдеу цехтарын, түрлі шеберханалар секілді нысандар орналасады. 
«Биылғы жылы, өткен жылғыдай шағын бизнес өкілдері, шаруа және егіншілер секілді ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру бойынша субсидиялар бөлінеді. Одан бөлек, ауданда бірнеше инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда. «Шалқия ЦИНК ЛТД»АҚ, «Тау кен самұрық» АҚ меншігіне өтті. Кеніштен кен өндіру және байыту фабрикасын салуға дайындық жұмыстары басталды. Сонымен қатар жел-күн электр станциясының құрылысы жоспарлануда», - деді Қ.Бүркітбаев.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: