Facebook WhatsApp Instagram

Саясат

0

SAIGEZ.KZ ҚАЛА ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

SAIGEZ.KZ ҚАЛА ӘКІМДЕРІНІҢ РЕЙТИНГІН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫSAIGEZ.KZ биылғы жылдың қыркүйегінен бері ай сайын тұрақты түрде облыс орталықтары санатындағы қала әкімдерінің рейтингін жариялап келеді. Соңғы 4 айда жарияланған рейтингке сүйене отырып, 2015 жылды қорытындыламақпыз. Осы уақытқа дейінгі «Үздік төрттіктегі» орындардың ұпайлары былай есептелді. 1-орын – 25 ұпай. 2-орын – 20 ұпай. 3-орын – 15 ұпай. 4-орын – 10 ұпай. Біз бұл жолы қала әкімдерінің тізімінде көш бастап қана қоймай, жылдың үздігіне айналғандарды атап өтеміз. 
Қызылорда қаласы әкімінің мемлекеттік қызметтің қазанында қайнап, басшылық қызметте жүргеніне 11 жылға таяпты. Осы аралықта 2005-2007 жылдары – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары (2005-2007) – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы (2007-2008), Шиелі ауданының әкімі (2008- 2013) болды. Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың өкімімен Қызылорда қаласы әкімінің қызметіне тағайындалғанына да 3 жылға жуық уақыт өтті. 
Қала әкімдерінің ішінде шаһар басқарудағы тәжірибесі мол жас әкімнің болашағы зор деп есептейді сарапшылар. Н.Нәлібаев бұған дейінгі төрт рейтингте 4 түрлі сатыдан көрінген болатын. Алғашқы айда 2-саты, одан кейін тиісінше, 4-ші, 3-ші және 5-ші орын бұйырған. Еншісінде 45 ұпай бар. «Соңғы айда «Үздік төрттіктен» бір мәрте төмендеп кетпегенде, Қызылорда басшысы бұдан да көп ұпай алар еді» дейді, сарапшылар.
1) Қаланың инфрақұрылымы, қауіпсіздігі, тазалығы да жоғары деңгейге көтерілді. Халқы аз болса да қалада биылдың өзінде екі үлкен мектеп салынса, балалар ауруханасының құрылысы қарқынды жүргіліп жатыр. Қыркүйек айында 2 көпқабатты тұрғын пайдалануға беріліп, қаланың 120 отбасы баспаналы болды. Алғаш рет қауын-қарбыз фестивалі өткізілді.
 2) Н.Нәлібаевқа қазан айында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жанында жүріп, барын көрсетуіне мүмкіндік туды. Елбасы Арай-2 мөлтек ауданында салынған жаңа көпқабатты тұрғын үйде болып, қоныс иелерімен кездесті. Мемлекет басшысынан кейін Қызылорда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовті қабылдап, билік партиясы басшылығының да жоғары бағасын алды.
3) Қызылорда қаласында соңғы 4 жылда 1460 пәтер пайдалануға берілсе, биылдың өзінде 2652 пәтердің құрылысы салынуда. Сондай-ақ, қалаға көрік беретін жаңа мешіт ашылып, жаңа ипподром пайдалануға берілді. 10-қыркүйек – 10-қараша аралығы сенбілік айлығы жарияланғалы қалада тазалық жұмыстары ретке келтірілді. Осы уақытқа дейінгі сенбіліктердің нәтижесі – 27 мың 180 метр арық жүйелері тазаланып, шамамен 457 м3 текше метр қоқыс шығарылуы.
«Соңғы төрт ай бойы қалалардың үздік әкімдерін анықтауға ат салысқан сарапшыларымыз бен белсенділеріміз берген баға бойынша Шымкент, Орал және Қызылорда қалалары басшыларын әртүрлі аталым бойынша бағалау арқылы жылды қорытыныламақпыз. Қала әкімдерінің ай сайынғы рейтингі 2016 жылдан бастап, жаңа сапамен қайта жалғасады. SAIGEZ.KZ сайтының бұл жобасын қала әкімдерінің өзара бәсекелестігін арттыру арқылы, облыстардың айнасы саналатын орталық қалалардың дамуына тілектестік деп түсінген жөн», - деп жазады SAIGEZ.KZ сайты.
   
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: